Мәзір
Диханкөл ауылының танымал тұлғалары
Диханкөл ауылының танымал тұлғалары

Танымал тұлғалар

Мұнда Диханкөл ауылы мақтан тұтатын адамдар жиналады: ғалымдар, педагогтар, қоғам қайраткерлері, спортшылар және өз ісінің шеберлері.

Әр адам туралы толығырақ білу үшін карточканы басыңыз.

Қарабеков Зауытбек Қарабекұлы

Қарабеков Зауытбек Қарабекұлы

1941ж. қазіргі Төлеби ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі Қожагелдиев Қарабек 1942 жылы әскерге алынып, сол жылдың 17-ші желтоқсанында Смоленск облысы, Сычев ауданы Арестово деревнясында ерлікпен қаза тапқан.
Тұлға туралы толығырақ
Әбілдаев Нұрболат Есенбекұлы

Әбілдаев Нұрболат Есенбекұлы

Нұрболат Есенбекұлы Әбілдаев 1981 жылдың 12 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келген. 1998-ші жылы "Диханкөл орта мектебін" бітірген соң, кәсіп меңгеру мақсатында 1998-2001 жылдары Шымкент қаласы "Агро-техникалық колледжінде" электрик-механик мамандығын алып шығады.
Тұлға туралы толығырақ
Садықов Айтмахан

Садықов Айтмахан

Садықов Айтмахан 1922 жылы қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызында Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып,жетімдер үйінде тәрбиеленген. 1941 жылы Георгивка селосындағы «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектепті ойдағыдай бітірген.
Тұлға туралы толығырақ